Адам болып туылдың, адам болып қал!

Тір­кел­ме­ген «Ата­жұрт ерік­тілері» қоғам­дық ұйы­мы­ның жетек­шісі, аза­мат­тық бел­сен­ді құқы­ққорға­у­шы Серік­жан БІЛӘШТІҢ ісі бой­ын­ша айып­тау актісі шықты. Енді бел­сен­дінің ісі 29 шіл­де күні, сот­та Нұр-сұл­тан қала­сын­да қара­луы баста­ла­ды.

Бұл тура­лы шіл­денің 24‑і күні Алма­ты­дағы «Ата­жұрт ерік­тілері» кең­сесін­де өткен бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да Серік­жан Білә­штің адво­ка­ты Айман ОМАРОВА мәлім­деді.

«Ата­жұрт ерік­тілері» ұйы­мы 2017 жыл­дың көк­те­мі­нен бастап бел­сен­ді жұмыс істей баста­ды. Қытай билі­гінің аз ұлт­тарға көр­сетіп жатқан қысы­мы­на қар­сы шығып, Алма­ты­да түр­лі жиын­дар мен бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткізді. Қазақ, тағы басқа мұсыл­ман бауыр­ла­ры­мы­здың ътуған-туы­ста­ры мен жақын­да­ры Шың­жаң­да қамауда оты­рған­дар­дан сұх­бат алып, виде­о­лар­ды Youtube және Facebook әле­умет­тік желісін­де­гі парақ­ша­ла­рын­да ғана емес, дүни­е­жүзіне таны­мал «Washington posrt»Daily Telegraf»,«New york times», «The Guardian» ақпа­рат құрал­дарға үздіксіз жари­я­лап кел­ген.

Serikjan Bilash, a prominent activist campaigning against Chinese internment camps, was arrested on Sunday Photograph: Ng Han Guan/AP

Серік­жан­ды бүкіл әлем­ге аты бел­гілі халы­қа­ра­лық құқы­ққорғау «Human right’s watch», «Amnesty international» ұжым­да­ры қол­дап Бей­біт­шілік НОБЕЛЬ Сый­лы­ғы­на ұсы­нуға керек құжат­тар даяр­лап жат­са, әзінің және қорғап жатқан этни­ка­лық қаза­қтар­дың ата­жұр­тын­да, яғни ҚАЗАҚСТАНДА, Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті оған себеп­сіз жала жауып сот­тай­ын деп жатыр. Мына­дай сұм­дық, ақы­лға сый­май­тын жағ­дай тек қазақ халқын ғана емес, бүкіл әлем­ді шулат­ты. Бір ай бұрын Сай­ра­гүл Саут­бай­дың оқмға­сы­нан кей­ін Қаза­қстан билі­гі дүни­е­жүзі алдын­да тағы­да өзінің Қытай­ға тәу­ел­ді екенін біл­дір­ді.

Ал, Жам­был Жаба­ев­ты Ста­лин­ның туфлиын жала­ды неме­се 37-жылы бір-бірінің үсті­нен арыз-шағым (донос) жазған атағы жер жарған жазу­шы­лар тарих беті­нен жоға­луы тиіс деген Мұх­тар Шаха­но­втың өзі мил­ли­он­даған қан­даста­ры­мыз бен түр­кі бауыр­ла­ры­мы­зды сая­си үйре­ну түр­ме­лерін­де (Освен­цим, Дахау сияқты фаши­стік конц­ла­герь­лер­де) азаптап, қинап жатқан Қытай қызыл ком­му­ни­стік билі­гінің репрес­сив­тік сая­са­тын әлем жұрт­шы­лы­ғы­на әшке­ре қылған, ұлт баты­ры, құқы­ққорға­у­шы Серік­жан Білә­штің қама­луы­на мұрын­дық болға­ны­на, оған қой­май адво­кат Айман Ома­ро­ва­ның айтуы бой­ын­ша, КУӘЛІК ЕТКЕН деген­ді есті­ген­де, жалғыз менің ғана емес бүкіл қазақ халқы­ның төбе шашы тік тұр­ды деп айт­сам, қате­ле­с­пей­мін.

Ел аға­сы, ұлт­шыл ақын деп сый­лай­тын ақсақал­ды бұл опа­сыз тір­лі­гіне қарап, жүре­гім қан жыла­ды.

Назар­ба­ев­тың қуыр­шақ шене­уні­гі болған Тоқа­ев­ты сай­ла­у­ал­ды кезең­де қол­да­уға бел­сене шақы­рып атса­лы­сқан Мұх­тар Шаха­но­втың Серік­жан Білә­шті сот­та­ту үшін жасалған сатқын­дық ісіне көзі қарақты аза­мат­тар өз баға­сын беріп үлгер­ді.

Ең өкіні­штісі, авто­ри­тар­лық билік қазақ ұлты­ның бір­лі­гі мен ынты­мағы­на бал­та шап­ты, Шаха­но­вты Серік­жанға қар­сы қою мен айдап салу арқы­лы (НКВД мен КГБ-ның әдіс-тәсілі) қазақ ұлтын жік­ке бөлу опе­ра­ци­я­сы сәт­ті аяқтал­ды. Ар намысты, адал аза­матқа күйе жағуға, шірі­ген билік­тің сөзіне еріп тастаған сүй­ек саяғы­на қызы­ғып, елден бет бұраған адам жұрт қарғы­сы асты­на қала­ты­ны бел­гілі жағ­дай. Шыңғыс хан Оты­рар­ды жау­лап алған­да, ең бірін­ші елін сатқын­дар­дың басын ала­тын, деп сау кезін­де өзі жазған емес пе? Үзең­гілес досым деп санаған, 20 ғасыр­дың ұлы гума­ни­сті Шыңғыс Айт­ма­тов Шаха­но­втың бұл опа­сызды­ғы үшін қабір­де бір аунап түс­кен шығар!

Осы сәт­тен бастап мен үшін Мұх­тар Шаха­нов ұлт сатқы­ны, ал Серік­жан Біләш ұлт баты­ры болып адам­зат тарихын­да мәң­гі қала­ты­ны­на сенім­ді­мін.

Бота­гөз Иса

ИСТОЧНИК

Dana Tessen

Информационный портал DAGPOLIT.COM - последние новости Казахстана и мира за сегодня, прогноз погоды, курсы валют, законодательство РК

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *